ai.intrider.kz - командамыздың ішкі AI-өнімі. Ол гипотезаны тез тексеруге, материал жинауға, мәтін черновигін жасауға, кодты талдауға және қайталанатын жұмысты азайтуға көмектеседі.
Міндет
Бізге жай модель чаты емес, командаға арналған жұмыс орны керек болды: нақты тапсырмалар, шығын бақылауы, сұраныс тарихы және әр міндетке бөлек модель таңдау мүмкіндігі.
Не жасадық
intrider.kz арқылы авторизациясы бар Laravel негізін дайындадық. OpenRouter қостық және қымбат токенді қажет емес жерде жұмсамау үшін модель таңдаудың ішкі логикасын жасадық.
Экран күнделікті жұмысқа бағытталды: ақпарат іздеу, идея тексеру, кодқа көмек, қысқаша қорытынды, мәтін дайындау және қайталанатын жұмыс.
Нәтиже
Өнім ішкі платформа ретінде дайын. Ол дайындық жұмысын жылдамдатады, сұраныс құнын азайтады және бақылауды адамда қалдырады: AI ұсынады, команда тексеріп шешеді.